Хабиб Нурмагомедов UFC тарихындағы үздік спортшыны атады

7 қыркүйек 2020 15:04
Сурет: UFC
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын рейтингте (p4p) қай спортшының бірінші орынға лайықты екенін атады. Оның ойынша, бірінші орынға тізімнің көшін бастап келе жатқан Джон Джонс лайық екен. 

Еске салайық, ұйымның бұл тізімінде Джонс бірінші орында келеді. Ал Нурмагомедовтің өзі болса екінші орында тұр. 

"Егер шынымды айтсам, мен де Джонсты бірінші орынға қоятын едім. Ол чемпиондық белбеуін тоғыз рет қорғаған. Ешкімге жеңілмеген десе болады. Иә, бір рет жеңілгенін білемін. Бірақ ол кезде Джонс тек шеттетілді. Сол үшін жеңілді.

Ол көптеген аңыз спортшыларды жеңді. Соңғы кездері керемет өнер көрсетіп жүрмесе де, ешкімнен ұтылмады. Сондықтан ол р4р рейтингінде бірінші орында тұруға лайықты", - деді Нурмагомедов. 

Айта кетейік, Нурмагомедов келесі кездесуін қазан айында өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Джастин Гэтджи болады. 





Метки: