MMA
7 қыркүйек 2020 18:29
 
Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен қандай жағдайда кездесетінін айтты

  Пікірлер

blog.share

Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен қандай жағдайда кездесетінін айтты Сурет: UFC

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен қандай жағдайда кездесетінін айтты. 

Нурмагомедов пен Фергюсон 9 мамыр күні жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты Хабиб АҚШ-қа бара алмады. Оның орнына Фергюсонға қарсы Джастин Гэтжи шығып, жеңіп кеткен еді. Осылайша ол жеңіл салмақта уақытша чемпион атанды. 

"Егер Фергюсон қайта оралып, мықты бір қарсыласты жеңетін болса, мен онымен айқасуға дайынмын. Ол Гэтжиден жеңіліп қалды. Сол үшін онымен кездесу мен үшін қазір қатты қызық емес", - деді Нурмагомедов "Матч ТВ" арнасына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Нурмагомедов келесі кездесуін қазан айында өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Джастин Гэтджи болады.

Жарнама

Живи спортом!