MMA
3 сәуір 2020 11:28

Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен жекпе-жектің жаңа уақытын ұсынды

Сурет: essentiallysports.com
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонмен тамызда Сан-Франциско (АҚШ) немесе қыркүйекте Абу-Дабиде (БАӘ) жекпе-жекке шығуға дайын. 

"Хабиб осылай шықпай қоятынын бәрі білді". UFC басшысы Нурмагомедовтың Фергюсонмен жекпе-жектен бас тартуы жайлы

Бұл жекпе-жек 18 сәуір Бруклинде өтетін UFC 249 турнирінің басты шоуы болу тиіс еді. Алайда сәрсенбіде ресейлік файтер жек-жектен бас тартатынын мәлімдеген

"UFC тамызда Сан-Францискода турнир жоспарлап отыр. Егер бәрі бітсе, (Фергюсонмен) сол жерде жұдырықтаса алар едім. Сонымен бірге, құыркүйек ортасында Абу-Дабиде болады", - деп келтіреді Хабибтің сөзін РИА Новости. 

"UFC-дегі ең жарық жұлдызбын". Тони Фергюсонмен жұдырықтасудан бас тартқан Нурмагомедов жекпе-жек шартын айтты