Единоборства
3 сәуір 2017 12:51
 
Хабиб Нурмагомедов салмақ дәрежесін өзгертпейді - Абдулманап Нурмагомедов

  Пікірлер

blog.share

Хабиб Нурмагомедов салмақ дәрежесін өзгертпейді - Абдулманап Нурмагомедов ©Instagram

Ережесіз жекпе-жектен Ресейдің намысын қорғайтын Хабиб Нурмагомедов салмақ дәрежесін өзгертпейді. Бұл туралы "Р-Спорт" басылымына берген сұхбатында спортшының әкесі мен бапкері Абдулманап Нурмагомедов.

5 наурыз күні Нурмагомедов UFC-де америкалық Тони Фергюсон жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ, жекпе-жек ресейлік спортшының емханаға түсіп қалуына байланысты кейінге шегерілген еді. Хабиб Нурмагомедов жекпе-жек алдында салмақ қуамын деп, әлсіреп қалған. 

"Хабибтің денсаулығы жақсарып келеді. Бір, бір жарым айдан кейін ол толық дайын болады. Мен жекпе-жекке екі күн қалғанда оның салмағын график бойынша тастай алмағанын білдім. Сондықтан бұл процесті жылдамдату керек болды. Менің әдісім бойынша, спортшы көп қиналады. Бірақ денсаулығына еш зиян келмейтін еді. Алайда мен оның қасында бола алмадым. Дегенмен ол тәртіпті сақтап, біздің әдісіміз бойынша салмақ тастау керек еді", - дейді ол. 

Оның айтуынша, Хабиб Нурмагомедовтың әлі бүйрегі мен бауырында қиындықтар бар. Сондықтан да ол қазір октоганға орала алмайды. 

"Хабибтің келесі жекпе-жегі туралы айтатын болсақ, қыркүйек айында ол қайта оралады деп отырмыз. Ал кімге қарсы жекпе-жек өткізетінін кейінірек шешіледі. Салмақ дәрежесін өзгерту туралы ойлап та жүрген жоқпыз. Оның жүрегі мен басы сау. Бүйрегі мен бауырын емдеу керек", - дейді Абдулманап Нурмагомедов. 

Айта кетейік, 28 жастағы Хабиб Нурмагомедов ережесіз жекпе-жек әлі жеңіліп көрген жоқ. Ол осы уақытқа дейін 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (жетеуінде төрешілердің шешімі бойынша). 

Жарнама

Живи спортом!