Хабиб Нурмагомедов Мәскеудегі турнирде октагонға шығады

22 қазан 2021 18:20
©getty images

Жеңіл салмақта UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов Мәскеудегі Bellator 269 турнирінің октагонына шығады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Дәлірек айтқанда Нурмагомедов Гаджи Рабадановтың секунданты болмақ. Рабадановтың қарсыласы Александр Белых.

Сол турнирде Хабибтің туысы Усман Нурмагомедовтың бұрышында Шамиль Завуров пен Хавьер Мендес көмектеседі. Ал Усман болса финляндиялық Патрик Пиетиламен күш сынасады.

Кештің басты айқасы ресейлік Федор Емельяненко мен америкалық Тимоти Джонсон арасында өтеді.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов өткен жылы UFC промоушнында Джастин Гейджиді жеңген соң спорттық карьеасының аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: