Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегорға реванш беру үшін бір шарты бар екенін айтты

20 қазан 2020 15:11
Сурет: Reuters©
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов қандай жағдайда осы ұйымның екі салмақта чемпионы болған ирландиялық Конор МакГрегорға реванш беретінін айтты,- деп хабарлайды "Чемпионат" порталы. 

Ресейлік спортшының айтуынша, екінші кездесу тек бір ғана жағдайда өтуі мүмкін екен.Ол үшін ирландиялық спортшы Дастин Порьені жеңіл салмақта жеңу керек. МакГрегор мен Порье арасындағы айқас 2021 жылдың қаңтарында өтуі ықтимал. 

"Егеор ол (Конор) Порьені жеңіл салмақта жеңетін болса, онда МакГрегормен екінші рет кездесу ұйымдастыруға негіз болады. Бірақ Конор тек жеңіл салмақта жеңуі керек. 

Жеңіл жолды таңдайтын спортшы ешқашан чемпиондық белбеуге лайықты болмайды. Егер олар 170 фунтта жекпе-жек өткізетін болса, Конормен екінші кездесуді ұйымдастырудың қажеті жоқ. Ол 155 фунтта жеңуі керек", - деді Хабиб. 

Еске салайық, МакГрегор мен Нурмагомедов 2018 жылдың қазан айында кездескен болатын. Ол кездесуде ресейлік спортшы жеңіске жетіп, бірінші рет чемпиондық атағын қорғады. 





Метки: