MMA
31 қазан 2017 10:45
 
Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуін желтоқсан айында бразилиялық спортшыға қарсы өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Хабиб Нурмагомедов келесі кездесуін желтоқсан айында бразилиялық спортшыға қарсы өткізеді ©:YouTube

Ережесіз жекпе-жек өнер көрсететін ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов (24-0) өзінің келесі кездесуін желтоқсан айында өткізеді. Нақтырақ айтсақ, ол 30 желтоқсан Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 219 жекпе-жек кешінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы бразилиялық Эдсон Барбоса болады. 

UFC турнирінде Эдсон 17 кездесу өткізіп, оның 13-де жеңіске жеткен. 2015 жылы ол Тони Фергюсоннан жеңілгеннен кейін, қатарынан үш жеңіске қол жеткізді. Ол кезде бразилиялық спортшының қарсыласы Энтони Петтис (UD 3), Гилберт Мелендес (UD 3) және Бенеил Дариуш (КО 2) болды. 

Ал Нурмагомедов болса соңғы кездесін 2016 жылы өткізіп, Дэррелл Хорчер (ТКО 2) мен Майкл Джонсонды (SBM 3) жеңді. 2017 жылы ресейлік спортшы әлі жекпе-жек өткізген жоқ. Негізі Хабиб осы жылдың мамыр айында Тони Фергюсонға қарсы өткізуі керек еді. Бірақ ресейлік спортшы салмақ қуу кезінде жарақат алып, жекпе-жек өтпейтін болды. 

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов ережесі жекпе-жекте 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Жарнама

Живи спортом!