Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда жекпе-жек кеші өтетінін мәлімдеді

17 тамыз 2022 00:33
©Reuters

Eagle Fighting Championship (EFC) жетекшісі Хабиб Нурмагомедов Қазақстандағы турнирдің анонсын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Тамыз айының 21 жұлдызы еліміздің бас қаласында Eagle FC 50 турнирі өтеді.

"Келесі аялдама – Нұр-Сұлтан. Жуырда көріскенше, Қазақстан", - деп жазды Хабиб инстаграм парақшасында.

Аталмыш промоушен осымен Қазақстандағы үшінші жекпе-жек кешін өткізгелі отыр. Осыған дейін мұндай кештер 2021 жылдың маусым айында Алматы қаласында және биыл шілде айында Ақтау қаласында өткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport