Eagle Fighting Championship (EFC) жетекшісі Хабиб Нурмагомедов Қазақстандағы турнирдің анонсын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Тамыз айының 21 жұлдызы еліміздің бас қаласында Eagle FC 50 турнирі өтеді.
"Келесі аялдама – Нұр-Сұлтан. Жуырда көріскенше, Қазақстан", - деп жазды Хабиб инстаграм парақшасында.
Аталмыш промоушен осымен Қазақстандағы үшінші жекпе-жек кешін өткізгелі отыр. Осыған дейін мұндай кештер 2021 жылдың маусым айында Алматы қаласында және биыл шілде айында Ақтау қаласында өткен еді.