Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда аралас жекпе-жек турнирін өткізетінін хабарлады

2 желтоқсан 2020 18:11
Хабиб Нурмагомедов. Сурет: UFC©

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз жиыны кезінде Хабиб Нурмагомедов жуырда ғана сатып алған EFC промоушені туралы айтып берді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Ресейде біз келесі жылы алты турнир өткіземіз. Мәскеу, Нижний Новогород, Дағыстан, Краснодар және Самара қалаларында өтеді. Мамыр айында Ташкентте, наурыз айында Бішкекте турнир өткізуге келістік. Қазақстанда екі турнир өтеді. Қаңтар айында UAE Warriors ұйымымен бірлесіп бір турнир болады. Абу-Даби қаласына барып, сол жақта жарыс ұйымдастыру ойда бар. Жалпы бір жылда 12 турнир өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді UFC чемпионы. 

Сондай-ақ Нурмагомедов қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасы туралы ойымен де бөлісті. 

"Иә, мен бұл команда туралы естігенмін. Ол командада менің жақсы достарым өнер көрсетеді. Барлығына сәттілік тілегім келеді. Мұндай командалардың көбеюі спортшылар арасында бәсекелестікті арттырады. Көптеген жігіттері бізде, яғни Дағыстанда дайындық жұмыстарын өткізген. UFC ұйымында өнер көрсететін бірнеше жігіттері бар. Жалпы, өте мықты команда", - деді ресейлік спортшы. 





 

Метки: