Хабиб Нурмагомедов қазақ спортшының өз лигасында қашан жекпе-жекке шығатынын айтты

13 желтоқсан 2021 19:49
©Eagle FC

Eagle FC қожайыны Хабиб Нурмагомедов орта салмақта өнер көрсететін Дәурен Ермековтің жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

33 жастағы отандасымыз келесі кездесудің наурыз айының соңында ресейлік Гамзат Хиромагомедовпен (9-1) кездеседі. 

Айқастың нақты қайда өтетіні әлі белгісіз. Бірақ бұл жекпе-жек кешінің басты кездесуінде тәжікстандық Фаридун Одилов (12-2-2) пен ресейлік Александр Шлеменко (61-13-0-1) өнер көрсетеді. Осы жекпе-жектің жеңімпазы UFC ұйымына жолдама алады. 

Еске салайық, Ермеков өзінің соңғы кездесуін қазан айында Eagle FC ұйымының 42-турнирінде өткізіп, қазақстандық Нуцалхан Умахановтан үстем түсті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: