auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Хабиб Нурмагомедов карьерасына байланысты тың мәлімдеме жасады

Ол аралас жекпе-жекте 29 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Хабиб Нурмагомедов карьерасына байланысты тың мәлімдеме жасады
Сурет: Reuters©

Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов спорттан кету туралы шешім қаншалықты қиын болғанын айтты. Сондай-ақ ол өзін үнемі сынап жүретін адамдар бұл шешімді бәрібір түсінбейтінін мәлімдеді. 

Еске салайық, Нурмагомедов UFC 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжиді жеңіп, чемпиондық белбеуін үшінші рет қорғады. Бұл кездесуден кейін ол карьерасын аяқтайтынын хабарлады. 


"Соңғы кездесу бұған дейінгі айқастарға қарағанда ерекше болды. Бұл кездесудегі менің эмоциям мүлде басқа. Себебі, мен әкем өмірден өткен соң бірінші рет жекпе-жекке шықтым. Маған бұл кездесуде әкем қайтыс болған соң ұсынды. Менде таңдау болды. Кездесуге келісуге де, келіспеуге де болатын еді. Бірақ бұл ұсыныс туралы ешкім білмеді. Тіпті командаластарым да. 

Қазір мен туған-туыстарыммен жиі сөйлесемін. Олардың барлығы да менің карьерамды аяқтағаныма қарсы. Дегенмен мен мұндай шешімді қабылдау керек болдым. Ерте ме, кешпе, қазір ме әлде 10 кездесуден кейін бе, мен бәрібір карьерамды аяқтайтын едім. Өте қиын шешім болды. Өйткені, мен өмір бойы төбелесіп келді. Ес білгелі бозкілемнің үстінде күресіп жүрдім. Спорттан кетіп, басқа бір шаруаға ауысып кету оңай емес. Адамдар мұны түсінбейтін шығар. Алайда мен не істей аламын? Карьерам туралы әлі ақыласып көремін. Мүмкін қайта оралатын да шығармын. Дәл қазір ол туралы ештеме айтқым келмейді", - деп келтіреді Хабибтің сөзін fightnews.info порталы.

Айта кетейік, 32 жастағы Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 29 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 





 

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар