MMA
14 тамыз 2020 14:24

Хабиб Нурмагомедов карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Сурет "Чемпионат" сайтынан алынды.
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжимен кездесудің алдында бірінші баспасөз жиынын өткізді. 

Жиын кезінде дағыстандық спортшы қарсыласы туралы және карьерасы туралы айтып берді. 

"Гэтжиді жақсы танимын. Ол маған салмақ қууға көмектесті. Оны қатты құрметтеймін. Біраз жетістікке жетті. Тони Фергюсонды қалай жеңгенін көрген шығарсыздар. Жақсы жекпе-жек күтіп тұр. 

Карьерамды аяқтау туралы түрлі ой болды. Бірақ, қазір жекпе-жекті белгіледі. Қазір сол кездесуге дайындалып жатырмын. Ұзақ мерзімді жоспар құрғым келмейді. Жақында 32 жасқа толамын. Мен жас емеспін. Ардагер спортшылардың қатарында шығармын. Қазір карьерамды қашан аяқтайтынымды білмеймін. 

Қарап отырсам, мен жақсы карьера жасаған екенмін. Қазір бірнәрсемен айналысқым келеді. Содан соң көреміз. Жаттығу алып-қашпа жаңалықтарға назар аудармауға көмектеседі. Әкемнің арманын орындағым келеді. Ол көп нәрсе істеп кетті. Бірақ біраз аяқталмаған істері де бар. Соларды жалғастырамын. Әкем ылғи кеңес бергенде қысқа қайыратын. Ол ештеңеге алаңдамай, жаттықтанымды қалайтын еді", - деді Нурмагомедов. 

Айта кетейік, Нурмагомедов мен Гэтжи арасындағы кездесу 25 қазан күні Абу-Даби қаласындағы жауынгерлер аралында өтеді. 

Еске салайық, 3 шілде күні 58 жасында Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедов өмірден озған болатын.