Хабиб Нурмагомедов Исмағұлов пен Царукян айқасының жеңімпазын атады

11 желтоқсан 2022 16:03
©instagram.com/khabib_nurmagomedov

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қазақ файтері Дамир Исмағұлов пен ресейлік Арман Царукян арасындағы кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Азғантай басымдықты Исмағұловқа беремін. 51-49. Дамирдің әуесқойлар арасындағы карьерасы мықты болды. Ол мықты қорғана алады. Мұндай кездесулерде қорғаныс көп рөл атқарады. Қателесуім мүмкін, бірақ менің ойымша Исмағұлов үстем түседі ...", - деді Хабиб. 

Еске салайық, Исмағұлов пен Царукян арасындағы кездесу 18 желтоқсан күні Лас-Вегаста өтеді. 

Қазіргі уақытта UFC ұйымының жеңіл салмағындағы рейтингте Дамир 12, ал Арман 9-орында тұр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport