Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтжиді жеңіп чемпиондық белбеуін қорғап қалды

25 қазан 2020 03:01
Хабиб Нурмагомедов. Сурет: mmafighting.com©
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақта UFC чемпиондық белбеуін сақтап қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Олардың кездесуі Абу-Даби қаласындағы UFC 254 турнирінде өтіп, екінші раундта аяқталды. Нурмагомедов қарсыласын "үшбұрыш" әдісіне салып, жеңді. 

Айта кетейік, бұл кездесуде ресейлік спортшы белбеуін үшінші рет қорғады. Ол бұған дейін ирландиялық Конор МакГрегор және америкалық Дастин Порьеге қарсы айқаста белбеуін сәтті қорғаған болатын. Ал жалпы белбеуді ресейлік спортшы 2018 жылы америкалық Эл Яквинтаға қарсы кездесуде жеңіп алған еді. 

Осылайша Нурмагомедов 29-шы кездесуінде қатарынан жеңіске жетіп отыр. Ол әлі жеңілістің кермек дәмін татпаған. Бұл Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің өмірден өткенінен кейінгі бірінші кездесуі болатын. Гэтжи болса, карьерасында үшінші рет жеңілді. 

Айта кетейік, бұл жекпе-жек кеште біздің отандасымыз Шавкат Рахмонов та өнер көрсетті. Ол бразилиялық Алекс Оливейрамен кездесіп, бірінші раундта жеңіске жетті. 




Метки: