Хабиб Нурмагомедов бірінші рет P4P UFC рейтингінде көш бастады

27 қазан 2020 19:12
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы (70 келі) Хабиб Нурмагомедов салмақтың санатына қарамастан компанияның ең үздік сарбаздары рейтингінде көш бастады.

Жаңартылған рейтингте 32 жастағы Нурмагомедов P4P рейтингінде бірінші орынға ие болды. Өткен жексенбіде UFC 254 турнирінде Хабиб Джастин Гейджиді жеңіп, мансабында үшінші мәрте чемпиондық белбеуін қорғады. Жекпе-жектен кейін ол мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін рейтингте бірінші орынға ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион (93 келі) Джон Джонс ие болып тұрған еді.
Метки: