Хабиб Нурмагомедов белбеуін сақтап қалған Чарльз Оливейраға үндеу жасады

12 желтоқсан 2021 17:02
©sportkp.ru

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов UFC 269 турнирінде америкалық Дастин Порьені жеңген бразилиялық Чарльз Оливейраны құттықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Лас-Вегас қаласында өткен бұл кездесу үшінші раундта аяқталды. Оливейра Порьені қылқындыру әдісімен жеңді. 

"Құттықтаймын, чемпион. Сен бұған лайықсың", - деп жазды Нурмагомедов "Твиттер" парақшасында. 

Еске салайық, бұл жекпе-жек кешінде Аманда Нуньес күтпеген жерден жеңіліп қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: