Хабиб Нурмагомедов бала күнгі арманын орындамақ. UFC чемпионы енді футболшы атанды

3 маусым 2021 21:30
Сурет: RingSide24

Ресейдің екінші дивизионындағы "Легион Динамо" футбол командасы UFC промоушенінің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовке келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды Eurostavka. 

Ақпарат бойынша, Нурмагомедов пен клуб президенті, "Терек" пен "Анжидің" бұрынғы ойыншысы Шамиль Лахиялов келісімшартқа қол қою бойынша уағдаласқан. Ол бойынша Хабиб "Легион" футболшысы атанады.

Әзірге келісімшарт жасалмады. Ал Нурмагомедовтің еңбекақысы көрсетілу керек орын бос тұр. Сомманы Хабибтің өзі жазады. Айлықтың ырымы ретінде спортшы 1 рубль деп жаза салуы мүмкін екені айтылды.

"Легион Динамо" клубы 2015 жылы 1-қазанда құрылды. Махачкалық команда қазіргі таңда Кәсіпқой футбол лигасының бірінші тобында өнер көрсетеді. Команда 30 тур қорытындысы бойынша 61 ұпаймен төртінші орында.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов сұхбаттарының бірінде футболды "спорт патшасы" деп, бала кезден кәсіпқой клубта ойнауды армандағанын айтқан еді.