Хабиб Нурмагомедов Алматыдан не үшін пәтер сатып алғанын түсіндірді

25 желтоқсан 2019 09:52
Сурет: Vesti.kz. Әлихан Сариев©
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов қазақстандық фанаттарымен кездесуде Алматыда пәтер сатып алғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейліктің айтуынша, ол пәтерді сапарлатып жүрген кезінде "тоқтайтын жері болуы үшін" сатып алған.

Сондай-ақ чемпион категорияға қарамастан (P4P) қай файтердің мықты екенін айтты. Ол UFC-де жартылай ауыр салмақтағы америкалық чемпион Джон Джонс екен. Ресми рейтингте Джонс бірінші, ал екінші орында Нурмагомедов тұр.

Айта кетейік, Нурмагомедов Алматыға отандасы Зубайра Тухуновпен және Ислам Махачевпен бірге келген. Жұрт оларды "Алматы Аренада" құшақ жая қарсы алды.