Хабиб Нурмагомедов әкесінің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: vmma.ru
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен сұхбаты кезінде әкесінің өліміне қатысты пікір білдірді. Спортшының сөзі РИА Новости порталының Telegram арнасында жарияланды. 

"Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Мұны да білген және ұмытпаған абзал", - деп мәлімдеді Хабиб. Сонымен бірге, ол Қадыровке қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. "Бұл халықтарымызды біріктіретін амал болғай. Сізге алғыс айтамыз, үлкен рахмет", - дейді ол.