Хабиб - МакГрегор кездесуінен кейін жаппай төбелескендердің бірі UFC-де қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

23 ақпан 2020 09:53
Зубайра Тухугов. © mmafighting.com

Жартылай жеңіл салмақта айқасып жүрген ресейлік Зубайра Тухугов Жаңа Зеландияның Окленд қаласында UFC Fight Night 168 турнирінде америкалық Кевин Агиларды жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек үш минут және 21 секундқа созылды. Тухугов бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

Осыған дейін Тухугов соңғы жекпе-жегін 2016 жылы мамырда өткізген. Басында ол допинг үшін жазаланған еді, сосын - 2018 жылы қазанда отандасы Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасында өткен кездесуден кейін болған жаппай төбелес үшін жазаланған.