Хабиб - МакГрегор айқасының басты суретінің авторы коронавирустан көз жұмды

14 сәуір 2020 13:07
Сурет: vmma.ru
Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор жекпе-жегінің басты суретін түсірген америкалық фотограф Энтони Каузи коронавирустан көз жұмды.

Фотограф 25 жыл бойы Нью-Йорктегі ең үлкен ивенттердің суретін түсіріп, New York Post басылымында қызмет еткен. Қызметкерінің өлімі жайлы бірінші болып осы басылым хабарлады.

"Менімен мұндай болады деп мүлде ойламаппын. Мені жою мүмкін емес деп есептейтінмін", -депті Энтони Instagram желісіндегі соңғы жазбасында.