Хабиб лигасының қырғызстандық чемпионы жекпе-жексіз белбеуінен айырылды

©instagram.com/busurmankul_mma/

Eagle FC лигасының чемпионы, қырғызстандық  Бусурманкул Абдибаит Уулу (14-3) Eagle FC 49 турнирінде Руслан Магомедовпен (11-3) өтетін кездесуге салмақ түсіре алмағаны үшін жартылай жеңіл дивизионның чемпиондық белбеуінен айырылды, деп жазады "Спорт-Экспресс". 

Қырғызстандық файтер салмақ өлшеу кезінде 1,4 келі артық шықты. Бірақ оның Магомедовпен кездесуі бәрібір өтеді. Бұл турнир 10 тамыз күні Бішкек қаласында Eagle FC 49 турнирінде болады. 

Абдибаит Уулу қатарынан алты кездесуде жеңіске жеткен еді. Соңғы кездесуін ол 2021 жылдың 30 тамызында Ыстық-Көлде болған Eagle FC 38 турнирінде өткізіп, Руслан Яманбаевтан  (9-8) үстем түсті. 

Магомедов болса соңғы екі кездесуін жеңіспен аяқтады. Ақырғы кездесуінде ол Абдурахман Гитиновасовтан  (7-2) мықты болды. 

Айта кетейік, Eagle FC промоушенінің қожайыны Хабиб Нурмагомедов. Ол кеше аталған турнирге қатысу үшін Қырғызстанға келді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport