"Хабиб лайықты емес!". UFC-дің бұрынғы чемпионы ресейліктің P4P рейтингінде көш бастағаны туралы

28 қазан 2020 13:08
Джон Джонс. Сурет: Fighttime.ru ©
Жартылай ауыр салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Джон Джонс салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын Pound for Pound рейтингінде Хабиб Нурмагомедовтің бірінші орынға шығуына көңілі толмайтынын айтты,- деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" басылымы. 

"Хабиб лайықты емес! Ол соңғы сәтті ғана жекпе-жекке шыққан Яквинтаны жеңіп чемпион атанды. Конор МакГрегор - көпшілік танитын, әжеутеуір қарсылық білдірген жалғыз қарсы болды. Одан басқа Хабибтің карьерасында мықты қарсылас болмады. Сол үшін де оның рейтингте көш басына шыққаны күлкілі", - деп жазды Джонс Twitter парақшасында. 



Еске салайық, өткен сенбіде 32 жастағы Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжимен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша ол чемпиондық белбеуін үшінші рет қорғады. Бұл кездесуден кейін Хабиб карьерасын аяқтағаны туралы мәлімдеме жасады. 



Метки: