Хабиб Қазақстан халқына тосын үндеу жасады

6 наурыз 2023 13:57
©instagram.com/khabib_nurmagomedov

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы экс чемпионы Хабиб Нурмагомедов әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарға үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол Қазақстанда M-Eat by Khabib атты жылдам тамақтанатын орын ашпақ.

"Қазақстанда бірнеше рет болдым. Жақында жиірек барудың ресми себебі болады. Ет пен жақсы асты танитындар Қазақстанда көп екенін білемін. 

Көктемде Қазақстанда M-eat by Khabib ашпақпын.

Қазақстандықтар, бауырларым, M-eat by Khabib-тің бірінші нүктесін қай жерден көргіңіз келетінін жазып өтсеңіздер?" - делінген хабарламада.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport