Хабиб карьерасын қайта бастай ма? Мамандар жауап берді

6 қараша 2020 16:44
Хабиб Нурмагомедов. Сурет: UFC©

24 қазан күні UFC 254 турнирінде Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжиді жеңіп, карьерасын аяқтап, UFC ұйымынан кететінін айтты. 

Бұл тек ресейлік спортшының жанкүйерлеріне ғана күтпеген жайт болған жоқ. Мұндай жаңалықты UFC басшылары, тіпті чемпионның бапкері Хавер Мендес те күтпеген екен. 

Бірақ арада бірнеше уақыт өткен соң UFC президенті Дана Уайт алдағы уақытта Хабибтің қайта оралатынына сенімді екенін мәлімдеді. 

"Хабиб қайта оралады деп сенемін. Ол карьерасын аяқта мәселесін анасымен тағы да талқылайтынын айтты", - деді Уайт UFC Fight Night 181 турнирінен кейінгі баспасөз жиынында. 

Хабибтің қайта оралатынына Тони Фергюсон де сенімді. Америкалық спортшы олардың кездесуі ақыры өтетінін айтып, ол кездесуге дайын болатынын хабарлады. 

Ресейлік спортшының өзі де Тонимен кездесуге қарсы емес екенін жария еткен болатын. Бірақ ол үшін Нурмагомедовтің шарттары бар. 

Сарапшылар да жеңілмеген чемпионның қайта оралатынына сенімді. Бұл орайға байланысты Parimatch букмекерлік кеңсесі Хабиб Нурмагомедовтің 2021 жылдың соңына дейін оралады деген бәс тігуге де арнайы коэффициент беріп отыр. 

Хабиб оралады дегенге букмекер 1,6 коэффициент берсе, ресейліктің енді жекпе-жек өткізбейді дегеніне 2,25 беріп отыр екен. 




 

Метки: