Хабиб карьерасын аяқтағаннан кейін Дана Уайт тарихтағы ең мықты файтерді қайта атады

2 қараша 2020 10:32
Сурет: Sportliga.com
Ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов UFC рейтингінде көш бастап тұр, алайда, ол бәрібір промоушен тарихында ең мықты емес. UFC Fight Night 181 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде Дана Уайт осындай мәлімдеме жасады. Шараның бір бөлігі MMA Turkey YouTube арнасында жарияланды. 

24 қазанда Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжиді екінші раундта тұншықтыру әдісіне салып, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағын қорғады. Жекпе-жектен кейін ресейлік UFC ұйымының P4P рейтиінгінде бірінші орынға шықты. Ал ESPN арнасы оны әлемдегі ең мықты ММА файтері деп мойындаған еді.  

"Хабиб рейтингті бастап тұр... Бірақ мен үнемі айтатынмын, ең ұлы файтер Джон Джонс. Хабиб - UFC-дің жалпы рейтингінің көшбасшысы, ал Джонс - тарихтағы ең мықтысы", - дейді Уайт.