Хабиб жұдырықтаспай қойған Фергюсонның титулды жекпе-жегі мен UFC 249 турниріне тікелей трансляция

Сурет: MMABoxing.ru
Ертең, 10 мамыр таңғысын АҚШ-тың Джексонвилл қаласында UFC 249 турнирі өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл шоудың басты кездесуінде екі америкалық файтер - Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи уақытша чемпион титулы үшін жұдырықтасады. Сонымен қоса, бұл жекпе-жек кардында Генри Сехудо мен Доминик Круз өте жеңіл салмақтағы чемпион атағы үшін айқасады.



Бұл турнир көрерменсіз өтетінін айта кеетйік. 

Қазақстан уақытымен турнир 10  мамыр таңғысын жүреді, дегенмен, қазақстандық арналар оны көрсетпейді. Турнирдің тікелей трансляциясын UFC TV (TV COM және Otau TV желілері) мен РЕН ТВ арналарынан көруге болады. Сонымен қоса, UFC 249 турнирін TV COM қосымшаларындағы SmartTV (Samsung/LG) тележүйесінен тамашалауға болады. UFC TV трансляциясының басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 06:00, ал басты жекпе-жек шамамен 10:00-де басталады.

Трансляция №1 >>>

Трансляция №2 >>>

Трансляция №3 >>> 

Еске салайық, бұл турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта чемпион Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонмен жұдырықтасу керек болған. Бірақ турнирдің өтетін орны коронавирусқа байланысты ұзақ уақыт белгісіз болғандықтан, ресейлік файтер АҚШ-тан кетіп, Дағыстанға барған еді. Ақыры промоушен Хабибті америкалық Джастин Гэтжимен алмастырды.