"Хабиб жекпе-жек үшін қайда болсын аттануға дайын екенін айтудан таймайтын еді. "Тұрған жеріңді айт", "мен таудан келдім" деп. Ал енді Фергюсонмен титул үшін жұдырықтасудан бас тартып отыр. Бұл жігітті белбеуден айырыңдар. Тони титул үшін Конор МакГрегормен жұдырықасу керек", - деп жазыпты Maximus Prophet MMA.
"Нурмагомедовты UFC чемпионы белбеуінен айыратын кез келді. Бірақ бұл белбеу ешқашан да шынайы болған жоқ. Рейтингте 11-ші тұрған адамды (Эл Яквинта 2018 жылдың сәуірі) жеңіп, чемпион болмайсың. Титулдың тағдырын МакГрегор мен Фергюсон шешуі тиіс", - деген екен The UFC Stats.
"Титулды тартып алыңдаршы. Ол Тониден қашып отыр. Онымен ешқашан жұдырықтасқысы келмеген. Бұл Хабибтің PR-айласы", - деп есептейді TheMancsUnite.
Бүгінгі таңда көптеген ММА жаннкүйерлерінің пікірі осындай.