MMA
2 сәуір 2020 09:18
 
Хабиб Фергюсонмен жұдырықтасудан бас тартты. Жанкүйерлер Нурмагомедовты UFC чемпиондығынан айыруда талап етуде

  Пікірлер

blog.share

Аралас жекпе-жектің көптеген жанкүйерлері америкалық Тони Фергюсонға қарсы кездесуден бас тартқан ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың мәлімдемесіне наразылығын білдірді. Twitter желісіндегі бірқатар қолданушы файтерді UFC чемпионы атағынан айыруды талап етіп отыр. 

Еске салайық, ресейлік файтер коронавирустың пандемиясына қатысты, карантин ережелерін сақтап, жекпе-жектен бас тартатынын мәлімдеді. Ал жанкүйерлер Нурмагомедов 18 сәуірге белгіленген UFC 249 турниріне кедергісіз қатыса алатын еді деген ойда. Бұл негізсіз де емес: Фергюсон мен Нурмагомедов қазіргі таңда екі бөлек елде. Дегенмен шекаралар жабық болғанына қарамастан, Росавиация ел азаматтары бизнес-авиация желісімен кез келген бағытқа ұша алатынын хабарлаған.

"Хабиб жекпе-жек үшін қайда болсын аттануға дайын екенін айтудан таймайтын еді. "Тұрған жеріңді айт", "мен таудан келдім" деп. Ал енді Фергюсонмен титул үшін жұдырықтасудан бас тартып отыр. Бұл жігітті белбеуден айырыңдар. Тони титул үшін Конор МакГрегормен жұдырықасу керек", - деп жазыпты Maximus Prophet MMA.

"Нурмагомедовты UFC чемпионы белбеуінен айыратын кез келді. Бірақ бұл белбеу ешқашан да шынайы болған жоқ. Рейтингте 11-ші тұрған адамды (Эл Яквинта 2018 жылдың сәуірі) жеңіп, чемпион болмайсың. Титулдың тағдырын МакГрегор мен Фергюсон шешуі тиіс", - деген екен The UFC Stats.

"Титулды тартып алыңдаршы. Ол Тониден қашып отыр. Онымен ешқашан жұдырықтасқысы келмеген. Бұл Хабибтің PR-айласы", - деп есептейді TheMancsUnite.

Бүгінгі таңда көптеген ММА жаннкүйерлерінің пікірі осындай. 

Жарнама

Живи спортом!