Хабиб әкесінің қайтыс болуына байланысты жоспарларына өзгеріс енгізді

Хабиб Нурмагомедов. Сурет: UFC©
Әкесінің бақилық болуына байланысты UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің баспасөз жиыны өтпейтін болды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Іс-шара 4 шілдке күні Мәскеу қаласында өту керек болатын. Жиын барысында Хабиб карьерасына байланысты жоспарларын сонымен қатар өзінің командасының қалай дамытатынын айтуы керек еді. Енді қайғылы оқиғаға байланысты мұның барлығы кейінге қалдырылды. 

Чемпионның әкесінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты бүгін, 3 шілде күні Чечен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров айтқан болатын. 25 сәуірден бастап әйгілі бапкер емханада жатыр еді. Ол алдымен өкпе қабынауы деген диагнозбен түскен. Кейін коронавирус жұқтырғаны анықталды. 

Абдулманап Нурмагомедов әскери самбодан 18 әлем чемпионын тәрбиелеп шығарған. Осы жетістігі үшін де ол Гинесстің рекордтар кітабына кірді. Еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері, Ресейге еңбегі сіңген бапкер тек ұлы Хабиб Нурмагомедовті емес, Ислам Махачев, Рустам Хабилов, Тагир Уланбеков және тағы басқа да спортшыларды жаттықтырған.