"Хабиб АКА залында жалғыз қалды". Бапкері Нурмагомедов жайлы

19 наурыз 2020 20:57
Сурет: Fightnews.info
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың бапкері Хавьер Мендес коронавирусқа байланысты ресми түрде АКА залы жабылғанымен, ресейлік файтер онда жаттығуын жалғастырып жатқанын айтады. 

"Хабиб залда жаттығуын жалғастырып жатыр. АКА залына ешкімге келуге болмайды. Коронавирусқа байланысты біз барынша оның қауіпсіздігін қамтамассыз етуіміз керек", - деп келтіреді маманның сөзін BJPenn порталы. 

Еске салайық, 18 сәуірге жоспарланған UFC 249 турнирінің басты жекпе-жегінде Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон жұдырықтасады.