UFC-де ең жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Азат Мақсұмға (15-2) келесі жекпе-жек берілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Инсайдер Марсель Дорффтың мәліметіне сәйкес, 30 жастағы Қаскелең қаласының тумасы 25 қазан күні Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 321 турнирінде америкалық Митч Рапосомен (9-3) кездеседі.
Еске салайық, Азат кейінгі рет октагонға биыл 21 маусым Баку қаласында (Әзербайжан) өткен ивентте шыққан болатын. Ол кезде ол ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачев секілді дағыстандық чемпиондар командасының мүшесі Тагир Уланбековпен (17-2) айқасты.
Үш раундтан кейін төрешілер жеңісті бірауыздан дағыстандық спортшыға берді. Алайда бұл шешім үлкен дау тудырды: көрермендердің басым бөлігі төрешілердің шешімін әділетсіз деп санап, аренаның өзінде ысқырып, шу көтерді.
Қазақстандық жанкүйерлер бұл жағдайға әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, Хабиб командасына жазба пікірлермен "шабуылдады".
Ал Митч Рапосо кейінгі жекпе-жегін 2025 жылдың 12 сәуірінде қытайлық Су Мудаэржимен (17-7) өткізген болатын. Бұл кездесуде америкалық спортшы төрешілердің бөдек шешімімен есе жіберді. Бұл оның UFC аясындағы екінші кездесуі еді. Бұған дейінгі дебюттік жекпе-жегінде де ол бразилиялық Андре Лимадан (11-0) дәл осылай жеңілген болатын.