Гэтжимен жекпе-жектен кейін Тони Фергюсон тағы жеңілді

13 желтоқсан 2020 12:05
Видеодан алынған кадр

Жеңіл салмақтағы америкалық файтер Тони Фергюсон бразилиялық Чарльз Оливейрадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл жекпе-жек Лас-Вегаста өткен UFC 256 турнирінің басты кездесуі болды. Үш раунд толық өткен жекпе-жекте Оливейра бастан-аяқ басымдық көрсетіп, төрешілер шешімімен жеңді. 

Бұл Фергюсон үшін мамырда отандасы Джастин Гэтжиден жеңілгеннен кейінгі бірінші жекпе-жегі.