Гэтжимен жекпе-жекте Фергюсонның бет сүйегі сынып кеткен

11 мамыр 2020 11:45
Сурет: Reuters
Америкалық файтер Тони Фергюсон UFC 249 турниріндегі отандасы Джастин Гэтжимен жекпе-жекте бет сүйегі сынып кеткен, - деп хабарлайды Yahoo! Sports ұйым басшысы Дана Уайтқа сілтеме жасап.

Фергюсон Джексонвиллде өткен турнирде отандасы Гэтжиден бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Гэтжи қарсыласын 143 рет ұрған, оның жүз соққысы Тонидің басына тиген екен.  

Кездесуден кейін Фергюсонды бетінің жыртылып кетуіне байланысты ауруханаға жеткізген. Онда спортшының аяқ жарақаты бары анықтаған. 

Фергюсон соңғы рет 2012 жылы жеңілген. Ол кезде америкалық спортшы отандасы Майкл Джонсонға төрешілер есебімен есе жіберген. Оның осыған дейінгі 12 жеңісті сериясы жеңіл салмақтағы рекорд саналады.