Гэтжиден нокаутқа түскен Порье қателігін мойындады

31 шілде 2023 10:22
©Instagram

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Дастин Порье отандасы Джастин Гэтжимен жекпе-жекте қандай қателік жібергенін түсіндірді, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Ең басында есеңгіретіп тастағанымды сездім, бірақ әлі бес раунд бар деп асықпаған едім. Бірінші раундта солай істесем, кейін де қайталай аламын деп ойладым. Бұл дұрыс амал деп ойладым. Мүмкін, осы жерде қателік жібердім. 

Қарымта? Бізде есеп 1-1, бір-бірімізді бір-бір реттен нокаутқа түсірдік. Ары қарай не болатынын көреміз", - дейді Порье баспасөз мәслихатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport