Гастелум Рахмоновпен айқасқа не үшін шығатынын ашық айтты

©Sporting News

Америкалық файтер Келвин Гастелум жеңілмеген қазақ Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке неге келіскенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас 16 қыркүйек Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін UFC Fight Night 227 турниріне белгіленген. 

"Әлі де чемпиондық белбеудің соңына түсіп келемін, әлі де титулды иеленгім келеді. Міне сондықтан Рахмоновпен айқасқа келістім. Мен әлі 10 жыл белсенді болатынымды, әлі де жас екенімді сеземін. Бірақ, екінші жағынан олай емес. ММА файтерінің карьерасы қысқа келеді, жуырда ол бітеді. Сондықтан күшімді барынша пайдаланып, кейін ештеңеге өкінбей отырғым келеді", - дейді Гастелум өзінің YouTube арнасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport