FNG төрт жылда бірінші жеңісіне жеткен Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі жайлы құлақтандырды

Сурет: FNG ©
Fight Nights Global промоутерлік компаниясының президенті Камил Гаджиев алдағы турнирлердің бірі Қазақстанда өтуі мүмкін екенін айтты. 

"Жыл соңына дейін Қуат жұдырықтасады деп ойлаймын. Турнирді Қазақстанда өткізе аламыз деген ойдамын. Эпидемиологиялық жағдайды бақылап отырмын, әзірге Қазақстанда аса жақсы емес. Бірақ алда оңалар деген үміттемін. 

Бәрі пандемияға байланысты. Егер ауырғандар саны артса, әрине бізге қиын болады - спортшылар сапары, көрермен жинау, демеушілермен жұмыс, дегенмен, жалпылай қазір тренд оңды. Сондықтан Сочи, сондықтан Қазақстан, сондықтан, мүмкін Мәскеу", - дейді ол. 

Айта кетейік, Қуат Хамитов қыркүйекте Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турниріндегі кейінгі жекпе-жегінде төрт жылда бірінші рет жеңіске жетті.