AMC Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев "МК—Спорт" басылымына берген сұхбатында Жалғас Жұмағұловтың Америкадағы айқасына бағасын берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
- Кезінде бізде чемпион болған Жалғас Жұмағұлов қазір UFC промоушенінде ортаңқол жекпе-жектер өткізіп, жеңіліп жүр. Бірақ Жалғас таңдаған шешіміне өкінбейді деп ойлаймын. Алайда оған деген қызығушылық бұрынғыдай болмай қалды.
- Жалғастың UFC-гі соңғы жеңілісі лайықты болды ма?
- Менің ойымша Жұмағұлов жеңіске жетті.
Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов америкалық промоушенде 2020 жылдан бастап жекпе-жек өткізіп келеді. Отандасымыз оған дейін ресейлік AMC Fight Nights Global ұйымының жеңіл салмағында чемпион атанған еді.