auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Флойд Мейвезер қандай жағдайда Конор МакГрегорге реванш беретінін мәлімдеді

Ол тіпті Нурмагомедовпен де кездесуге дайын екенін айтты.

Флойд Мейвезер қандай жағдайда Конор МакГрегорге реванш беретінін мәлімдеді
Флойд Мейвезер. Сурет: BoxingScene©
Бокстан сегіз салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер аралас жекпе-жекте өнер көрсететін спортшымен кездесу өткізуге дайын. Бірақ ол үшін америкалық спортшы қыруар ақша талап етіп отыр,- деп хабарлайды BoxingScene. 

Еске салайық, 2017 жылдың тамыз айында ол аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша кездесу өткізіп, жеңіске жетіп еді. Ол Мейвезердің 50-ші жеңісі болатын. Одан бөлек, ирландиялық спортшымен болған кездесуді төрт миллион адам ақылы тамашалаған. 

43 жастағы Мейвезер Конормен екінші рет кездесуге дайын. Тіпті ол Хабиб Нурмагомедовпен де жекпе-жек өткізуге қарсы емес. Бірақ бұл кездесу үшін боксшы 300 миллион доллар талап етіп отыр. 

"Конордың соққысы әлсіз. Ол мүлде ұра алмайды. Онымен кездесу өткізу мен үшін қызық болды. Мен ауыр соққы өткізбедім. Әлі де бабымдамын. Бірақ шаршы алаңға шығып, денсаулығымды құртудың қажеті қанша?

Дәл қазір мен жекпе-жекке шақыратын лайықты боксшы жоқ. МакГрегор мықты болды. Бірақ онымен тағы да 150 миллион үшін кездесу өткізбеймін. Ол мен үшін аз. Маған 300 миллион доллар беріңіздер. Сол кезде басқаша сөйлесеміз. 

Мен талап етіп отырған ақша берсе тіпті Хабибпен де кездесуге дайынмын", - дейді Мейвезер. 

Айта кетейік, жуырда МакГрегор бокс ережесі бойынша тағы бір кездесу өткізетінін хабарлады. Бұл жолы ол филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяомен кездеспекші. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар