Флойд Мейвезер аралас жекпе-жектен қашан сынға түсетінін хабарлады
Бірнеше салмақта әлем чемпионы атанған кіші Флойд Мейвезер аралас жекпе-жек (MMA) спортынан қашан сынға түсетінін айтты, – деп хабарлайды Fightnews.info сайты.
Америкалық боксшы Флойд Мейвезер UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен бокс кешін өткізгеннен кейін, аралас жекпе-жектен де бағын сынап көруді ұйғарған болатын. Тіпті, жаттығуда да білек сыбана кірескенін айтты. Ол өз сөзінде: «Біз жаттығуды бастап кеттік. Физикалық тұрғыдан емес, жай ғана қарапайым шыдамдылықты арттыратын жаттығуларды бастадым. Аралас жекпе-жекте өнер көрсету туралы ойлап жүрмін, жалпы мұндай ой бұрында да болған. Қазір Майамиде күрес, джиу-джитсу сынды спорттың әдістерін меңгеріп жүрмін. Осы жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізгім келеді», – деді Флойд.
Айта кетейік, Флойд Мейвезер 27 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өткен жекпе-жекте 10 раундта жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Жарнама