Физиев UFС-дің бұрынғы чемпионын жеңгеннен кейін Рафаэль Надальды жекпе-жекке шақырды

10 шілде 2022 12:52
©instagram.com/ufcrussia

Қазақстанның тумасы Рафаэль Физиев Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы UFC Vegas 58 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін теннис жұлдызы Рафаэль Надальды жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Физиев турнирдің басты жекпе-жегінде UFC ұйымының бұрынғы чемпионы бразилиялық Рафаэль Дос Аньосты бесінші раунда нокаутпен жеңді. Жекпе-жектің толық видеосын мына жерден көре аласыздар. 

"Рафаэль Надаль, қайдасың? Мен сені өзіңнің спортыңда да жеңе аламын", - деді Физиев кездесуден кейін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: