Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова аралас жекпе-жекте тағы бір кездесуін өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Шарипова Алматы қаласында Octagon 37 турнирінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы Әзірбайжан елінің өкілі Гюнель Амирбаева болды.
Бұл кездесуде қазақстандық бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Шарипова қарсыласын "қылқындырып", таза жеңді.
Айта кетейік, Осыған дейін Шарипова Octagon 33 турнирінде ресейлік Карина Ондасыновадан айласын асырған болатын.