MMA
22 желтоқсан 2017 16:22
 

Fight Nights Global Қуат "Найман" Хамитовтың жеңісін жоққа шығарды

  Пікірлер

blog.share

Fight Nights Global Қуат "Найман" Хамитовтың жеңісін жоққа шығарды

26 қараша күні қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов Алматыдағы FIGHT NIGHTS GLOBAL 80 турнирінің басты кездесуінде ирландиялық Питер Куиллимен жолығып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Бүгін Ресей ММА одағының тәуелсіз апелляциялық комиссиясы бұл кездесудің нәтижесін өзгертті.

FIGHT NIGHTS GLOBAL ұйымының twitter желісіндегі парақшасы хабарлағандай, қос спортшы арасындағы кездесу қайта қаралып, тең есеп тіркелді.

- Ресей ММА одағының тәуелсіз апелляциялық комиссиясы Қуат Хамитов пен Питер Куилли арасындағы кездесудің нәтижесін өзгертті. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жекте төрешілер қазақстандық спортшыны жеңімпаз ретінде таныған еді. Бұл шешімге Куиллидің командасы қарсы шағым түсіріп, жекпе-жек қайта қаралды. Нәтижесінде тәуелсіз комиссия тең есеп тіркеді, - деген ресми хабарламада.

Айта кетейік, FIGHT NIGHTS GLOBAL 80 турнирінде қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Георгий Кичигин ресейлік Магомед Нуровпен жекпе-жекке шығып, өз чемпиондық атағын қорғап қалған еді. Қарсыласын төртінші раундта қолын қайыру әдісіне салып, жеңіп шыққан болатын. Ал Жалғас Жұмағұлов ұлыбританиялық Шадж Хэкті, Жұман Жұмабеков молдовалық Иван Андрущенконы төрешілер шешімі бойынша айқын жеңіп шыққан-ды.

blog.share
26 қараша күні қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов Алматыдағы FIGHT NIGHTS GLOBAL 80 турнирінің басты кездесуінде ирландиялық
Питер Куиллимен жолығып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Бүгін Ресей ММА одағының тәуелсіз апелляциялық комиссиясы бұл кездесудің нәтижесін өзгертті.

FIGHT NIGHTS GLOBAL ұйымының twitter желісіндегі парақшасы хабарлағандай, қос спортшы арасындағы кездесу қайта қаралып, тең есеп тіркелді.

- Ресей ММА одағының тәуелсіз апелляциялық комиссиясы Қуат Хамитов пен Питер Куилли арасындағы кездесудің нәтижесін өзгертті. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жекте төрешілер қазақстандық спортшыны жеңімпаз ретінде таныған еді. Бұл шешімге Куиллидің командасы қарсы шағым түсіріп, жекпе-жек қайта қаралды. Нәтижесінде тәуелсіз комиссия тең есеп тіркеді, - деген ресми хабарламада.

Айта кетейік, FIGHT NIGHTS GLOBAL 80 турнирінде қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Георгий Кичигин ресейлік Магомед Нуровпен жекпе-жекке шығып, өз чемпиондық атағын қорғап қалған еді. Қарсыласын төртінші раундта қолын қайыру әдісіне салып, жеңіп шыққан болатын. Ал Жалғас Жұмағұлов ұлыбританиялық Шадж Хэкті, Жұман Жұмабеков молдовалық Иван Андрущенконы төрешілер шешімі бойынша айқын жеңіп шыққан-ды.

Жарнама

Живи спортом!