Fight Nights басшысы Қазақстанда турнир өткізбек

13 сәуір 2021 15:53
Камил Гаджиев және Хабиб. Сурет: Fightnews.info

AMC Fight Nights промоушенінің президенті Камил Гаджиев лиганың мерейтойлық турниріне қорытынды жасай келе, болашақта ивенттердің бірін Қазақстанда өткізу жоспары жайлы айтты.

Еске салайық, AMC Fight Nights 100 турнирі 11 сәуір Мәскеуде өтті. Шоудың басты жекпе-жегінде қазақстандық Гойти Дазаев титулды жекпе-жекте ресейлік Дмитрий Бикревтен нокаутпен жеңілді.

"Владивосток , Красноярск. Ары қарай Қазақстан, Бурятия. Сосын әлбетте Минеев – Исмаилов қарымтасы! Қызықтың бәрі алды", – деп жазыпты ол Instagram желісінде.

Метки: