"Фергюсонды сындыру мүмкін емес". Нурмагомедовтың бапкері алдағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты

10 желтоқсан 2019 11:39
© avarsport.ru
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың бапкері Хавьер Мендес AKA Fight News YouTube арнасына берген сұхбатында ресейлік файтер мен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жектен не күтетінін айтты. 

"Бұл жігіттер төрт рет жұдырықтасуы мүмкін еді, сондықтан мұнда қорқыныш туралы сөз де жоқ. Екі жігіт те ештеңеден қорықпайды. Сондықтан ешқайсысы сынбайды. Мәселе кім жеңетінінде. 

Егер Хабибтің бапкері бола тұрып, Тониді сындыруға болады дегенге сенеді десеңіздер, жауабым - жоқ. Бұл жігітті сындыру мүмкін емес. Алайда ешкім оны сабауға болмайды деп айтып отырған жоқ", - дейді Мендес. 

"Қан сидірем". Фергюсон Нурмагомедовтың мылжасын шығаруға уәде берді

Нурмагомедов ММА-дегі 28 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен. Ал Фергюсон 28 кездесудің жиырма бесінде жеңген.

Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі 18 сәуір Нью-Йоркте өтеді деп жоспарланған.