"Фергюсон адам ретінде де ұнамайды". Нурмагомедов октагон есігі жабылысымен ісіне кірісетінін айтады

13 желтоқсан 2019 11:32
© RingSide24
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов келесі қарсыласы Тони Фергюсонды ұнатпайтынын айтады, - деп хабарлайды ">RT Sport

"Бұл UFC, жанкүйерлер, мен және Тони үшін маңызды жекпе-жек. Келісімшартқа қол қорйдық, сондықтан сәуірде өтеді деген үміттемін. Оның жеке басына қатысты айтар ештеңем жоқ. Тони - мықты файтер. Бірақ тұлға ретінде ұнатпаймын. Оның басында не болып жатқанын түсіне алмаймын. Ойында не жүретінін. Бірақ маған бұл керегі жоқ. Қазір бар назарым жекп-жекте. Октагон есігі жабылғанда мен өз ісімді жасаймын", - дейді Нурмагомедов.

Еске салайық, Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі 2020 жылдың 18 сәуірінде Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтеді. Мұның алдында файтерлер төрт рет жұдырықтасу керек болған, алайда, әр кезде кездесу түрлі себептермен өтпеді.