Файтер бірінші раундта-ақ қарсыласын бір соққымен есінен тандырды

8 маусым 2020 10:43
Шон О'Мэлли. Сурет: MMA.bg
Ең жеңіл салмақта америкалық файтерлер Эдди Вайленд пен Шон О'Мэлли арасындағы UFC 250 турниріндегі жекпе-жек ауыр нокаутпен аяқталды, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Бірінші раундтың орта тұсында О'Мэлли қарсыласын бір соққымен есінен тандырды. 



Жекпе-жектен кейін О'Мэлли өзінің соққы техникасы UFC-дегі ең мықты екенін мәлімдеді. 25 жастағы файтер осы уақытқа дейін 12 жеңіске жетті. 

35 жастағы Вайленд карьерасында он төртінші рет жеңіліп отыр. Сонымен бірге, ол 24 жеңіске жетіп, бір кездесуін тең есеппен аяқтаған.
Метки: