"Езіп тастар еді". Ресейлік файтер Хабиб пен Махачев айқасса не болатыны жайлы

28 қазан 2022 18:17
©islamnews.ru

Ресейлік AMC Fight Nights жауынгері Александр Гребнев (6-5) алдағы уақытта Хабиб Нурмагомедов (29-0) пен Ислам Махачев (23-1) жекпе-жек өткізген жағдайда кімнің жеңіске жететінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Өз басым Нурмагомедовке бәс тігер едім. Менің ойымша, Хабиб Махачевті езіп тастар еді. Тіпті айқас өткен жағдайда Хабиб уақытынан ерте жеңе алмаса да төрешілер шешімімен, ұпай санымен жеңіске жетер еді", - дейді Гребнев.

Айта кетейік, Махачев UFC 280 турнирінде бразилиялық Чарльз Оливейраны (33-9-0-1) жеңді.

Ал Хабиб Нурмагомедов болса соңғы рет октагон төріне 2020 жылдың қазан айында шықты. Ол UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Дастин Гэтжиді қылқындыру әдісімен жеңді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport