ESPN жылдың ең мықты файтерін атады

27 желтоқсан 16:21
©MMAExpress

ESPN басылымы жылдың үздік файтерін анықтады. Олар бұл атаққа UFC чемпионы атағына ие ресейлік Ислам Махачевты лайық деп таныған. 

2023 жылы Ислам чемпиондық атағын екі рет сәтті қорғады. Ақпан айында аустралиялық Александр Волкановскийге қарсы жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Ал қазан айында өткен қарымта кездесуде қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңді. 

Мұнымен қоса Ислам Махачев салмақ дәрежесіне тәуелсіз файтерлер рейтингі бойынша да үздік атанды. 

ESPN әйелдер арасында мексикалық Алекс Грассоны үздік деп таныды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: